Описание
Тобықты - Орта жүз Арғын тайпасының руы. Ол Арғынның екінші әйелі Момыннан туатын төртеудің бірі - Ақсопыдан тарайды. Тобықты ұрпақтары 17 ғасырдың ақырында Балқаш, Тоқырауын, Қусақ маңын, 5 болыс ел қазіргі Семей облысының жерін мекендеген. Тобықтыдан сөзге шешен, ұрыста қайратты батыр, билер көп шыққан. Ұлан-ғайыр алып жатқан жеріне сай халқы да көп әрі дәулетті, жуан сіңір ел болған. Қалың Тобықтының ішінде өсіп, ел арасындағы дау-дамайға еріксіз араласқан Абай өз өлеңдерінде сол кезеңде атқа мініп, әкімшілік жұмыстарына араласқан би-болыстардың, халықты алдап-арбап, арын сатқан арамза қулардың оғаш мінездерін қатты сынайды. Ақын «Патша кұдай, сыйындым...» деген өлеңінде: «Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне»деп напыса, Кежек байға арналған «Бөтен елде бар болса...» деп басталатын Ұзақ толғауында бірді бірге айдап салып, ел ішін алатайдай еткен алаяқ пысықтарға ренішін жасыра алмай: «Ел бүлігі Тобықты, Көп пысыққа молықты» деп ашына айыптайды. Бірақ, бұған қарап Абай бүкіл Тобықты жұртын даттап отыр деуге әсте болмайды. Ақынның қадапа сынап, қаһар төгіп отырғаны сол қалың елдің тыныштық-берекесін кетіріп біткен «ездер» мен «пысықтар». Іргелі ел атанған Тобықтының жақсылығы мен жақсыларын ақын қатты құрметтеген. Сүйікті баласы Әбдірахман мезгілсіз қайтыс болып, көңілі қайғы-шерге толған ақын «Бермеген колға, қайтесің...» деген жұбату жырында арғы қажы атасын: «Тобықтыны ел қылып, Басын жиып қурапты» деп мадақ тұтады, жаралы жүрегіне содан медеу тапқандай болады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шежіресінен: "Шәкәрім шежіре жазғанда, Тобықтыны дұрыстап жаза алпамты. Бұл өзі шатасқан да, қағаз бетін орын алдырып толтырып, жан білмейтін жамандарын жазады. Құнанбай Бөжей он бір жыл Құнанбаймен дауласуға жараған Бөжейді жазбайды. Құнанбайдың Абайы жолбарыс болып шыққанда, қасқыр болып шыққан: Базаралы, Бағаналы, Қарымсақ, Шопан, бұл төртеуі қайдан шыққанын жазбайды.
Елатан, Елахан егіз қозыдай болып өсіпті. Ер жете бастаған соң, қызықты, сүйкімді, өнерлі болып, әркім қызыға бастапты. «Бала қылып аламыз!» деп біреуге біреу қимай, Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, төрт арыс Орта жүз таласыпты. Сонда бұлар көп ортасында сөзге байлау, матау қылып: "Бәйгеге ат қосайық, қай атымыз озғанымыз алайық!" десіп, бәйгеге ат қосыпты. Арғынның Ақтобық аты алдында келіп, Арғын алып: «мұның тұңғышы Ақтобық аттың бәйгесіне келіп еді» деп баланың атын «Тобықты» қойыпты. Бұрынғылар айтушы еді: «Ақсопының балалары: Толыбай ұранды Қанжығалы мен Маябоз ұранды Тобықты», - деп. Және қазақта бір сөз бар еді