Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
club150328158
Описание
Курс бағдарламасы:
· Тәжірибелі психолог қызметінің негізгі бағыттары. Медицина және білім мекемелерінде жұмыс істейтін психолог мамандардың кәсіби принциптері.
· Психологиялық кеңес беру. Көмек сұрай келген адаммен жұмыс істеудің базалық дағдылары мен принциптері.
· Нейро – лингвистикалық бағдарламалау – акпарат алу моделі. Адамдармен қарым-қатынасқа түсудің тиімді жолдары. Болашаққа бағдарлама жасау стратегиясы.
· Отбасына психодиагностика және психокоррекция жасау. Жүйелі отбасылық психотерапия. Отбасы жүйесіндегі ұстанымдар. Бала мен ата-ана, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасқа психодиагностика және психологиялық түзету жасау.
· Арт – терапия және оның көптүрлілігі.Ертегітерапиясы, саз балшықтерапиясы, сурет өнері арқылы психодиагностика және психокоррекция жасау.
· Психодрама. Психодрамалық гештальт. Өмірдегі адамдардың рольдері арасындағы қақтығыстың себептерін түсіну.
· Психодиагностика жасау . Жеке тұлғалақ ерекшеліктеріне, тұлғааралық карым-қатынастарына, таным процестеріне психодиагностика жасау.
· Денені бағдарлау психотерапиясы. Денедегі қысым, әр түрлі жағымсыздықтармен жұмыс істеу. Денені бағдарлау психотерапиясының базалық техникалары.
· Дағдарысқа ұшырағандарға психотерапиялық көмек. Дағдарыс/күйзеліс/ туралы түсінік және оның түрлері. Дағдарыстан шығу жолдары. Дағдарыстағы адамға психотерапиялық көмек беру.
· Эриксондық гипноз. Эриксондық гипноздың базалық техникалары. Транс туралы мағлұмат. Босаңсыту әдістері. Адамның өзін-өзі басқара білуін, стресске төзімділігін дамыту.
· Клиникалық психология негіздері. Адамдағы психологиялық ауытқулар туралы.
· Психосоматикалық өзгерістерге түзету жасау. Аурудың адам үшін «тиімді» жақтары. Адамның өз бойындағы ауру белгілері туралы түсінігін өзгерту.
· Білім мекемесіндегі психологиялық қызметтің негізгі бағыттары. Таным процестерін /ойлау, есте сақтау, қиял, зейін т.б./ дамыту.
· Болашаққа мақсат қою. Футуропрактика.
· Коучинг. Жеке тұлғаның өзгеру мүмкіндігі.
· Супервизия. Тәжірибелі психологтың жеке жұмыс істеу стилі.